Текст
Бүгін мектебімізде «Білім күніне» арналған сынып сағаты өтті. Сынып сағатының ұсынылған тақырыбы – «Менің мектебім – мейірімділік аралы!».
Іс-шара аясында оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер Республикалық интервью-челленджге қатысты. Қысқа сұхбаттар форматында (1–2 минут) олар өз ойларымен, армандарымен және әсерлерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сынып сағаты мен интервью-челленджді өткізу әрбір қатысушыға мектеп өміріне ортақтасу сезімін беріп, бүкіл мектеп қауымдастығының бірлескен еңбегінің құндылығын айқындап, өзара сыйластық пен мейірімділік ахуалын нығайта түсті.