Текст
Бүгінгі күн өте қызықты және көңілді өтті, себебі біз жазда Жаңа Жыл мерекесін атап өттік. Біз холлды безендіріп, шырша тіктік. Балалар мерекелік киімдер киіп келді.
Іс-шара барысында Қоян, Гринч, Қар Королевасы, Қарлы Боран және Аяз Ата сияқты кейіпкерлер өнер көрсетті. Әр кейіпкер балалармен бірге шеңбер құрып, ойындар ойнатты. Балалар мәз-мейрам болып, билеп, ән айтып, Аяз Атаға тақпақтар оқыды.
Сап түзеу кезінде ең ерекше костюм киген балалар марапатталды.