Текст
Бүгін шығармашылық күні болды. Таңертең балалар дене шынықтыру жаттығуын жасап, таза ауада дене тәрбиесі мұғалімімен ойындар ойнады. Шығармашылық сабақта балалар түрлі-түсті майлықтармен жұмыс істеп, әдемі көбелектер жасады. Екінші кезеңде олар жармамен жұмыс жасап, саңырауқұлақтар бейнесін жасады. Жұмыстары өте сәтті шықты.
Сап түзеу кезінде балалар мақтау қағаздарымен марапатталды.