📅 2025 жылғы 15 мамырда Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылының жалпы білім беретін мектебінде Жастар мен жасөспірімдер күніне арналған іс-шара өтті.
Мектептің медбикесі Муқанова Г.М. мен психологы Аппасова А.Ж. жоғарғы сынып оқушыларымен «Салауатты өмір салты» тақырыбында әңгіме өткізді.
Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер талқыланды:
– күйзеліспен қалай күресуге болады
– қоғамда өзін-өзі ұстау ережелері
– дұрыс тамақтану деген не
– зиянды әдеттердің қаупі неде
– денсаулықты сақтау және өз болашағына жауапкершілікпен қарау
Оқушыларға бейнеролик көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды. Ең бастысы — әрбір оқушы өз сұрағына жауап алып, пайдалы кеңестер алды.
💬 Іс-шараға белсене қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!
Өз денсаулығың – өз қолыңда!