Текст
Бүгін мектебімізде 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы күніне арналған сынып сағаты өтті.
Оқушылар бұл мерекенің тарихымен танысып, еліміздің қорғаушыларының ерлігі мен батырлығы туралы білді. Сонымен қатар, олар патриотизм мен азаматтық борыштың маңыздылығы туралы ой бөлісті.
Іс-шара соңында оқушылар Отанымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайтын барша азаматтарға алғыстарын білдірді.
Қорғаушылардың ерлігі жас ұрпаққа әрдайым үлгі болсын!