Текст
Бүгін мектебімізде Кітап және оқу күніне арналған сынып сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, сүйікті авторлары мен шығармалары жайлы әңгімеледі, ерекше әсер қалдырған кітаптармен таныстырды.
Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және кітапты білім мен шабыттың қайнар көзі ретінде бағалауға үйрету.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сауаттылығын арттыруға және жан-жақты тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.