"Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қабанбай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Кабанбай батыр отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жасөспірімдердің жыныстық тиіспеушілігі мәселелері бойынша 8-11 сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу - әңгіме өтті

20.04.2021

20.04.2021 жылы, Қабанбай батыр ауылының жалпы борта білім беретін мектебінде әлеуметтік-психологиялық қызметі, мектеп медбикесімен, сондай-ақ ТЖ бойынша меңгерушісімен бірге., жасөспірімдердің жыныстық тәрбие мәселелері бойынша 8-11 сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу - әңгіме өткізді.

Слайд-шоуды қолдана отырып және диалог түрінде өткен кездесуде қатысушыларға кәмелетке толмағандардың жыныстық тұтастығына қарсы қылмыстар ең қауіпті және кең таралған қылмыстар екенін айтты. Сондықтан біздің мемлекетіміз Бала құқықтары туралы Конвенцияның 34 - бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың жыныстық қарым қатынас және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстармен күресудің қылмыстық-құқықтық шараларын бақылап және жүйелі түрде профилактикалық әңгімелер, түрлі құрылымдармен, ұйымдармен кездесулер өткізеді.

Мектеп психологы Стрельченко М. Л жасөспірімдердің сеніміне, қызығушылығына, бейқамдығына назар аударды, мектеп оқушысының қылмысының құрбаны болу себебін түсіндірді. Жыныстық қылмыстар балалар мен жасөспірімдердің психикасына, олардың қалыпты физикалық және психикалық дамуына  және олардың болашақ өміріне теріс әсер ететіндігін айтты.

Бөлім меңгерушісі  Имамбекова Р.Н. қайғылы жағдайлардан кейін туындайтын салдар және кәмелетке толмағандармен жұмыста қылмыстық іс жүргізу тәртібі туралы айтып берді. Ол зорлық-зомбылықты қолдану немесе қауіп-қатер туралы біле отырып, досына қалай көмектесуге болатынын және қажет екенін түсіндірді.

Мектептің медбикесі Муканова Г.М. кездесуді қорытындылай келе, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, әр оқушы оны күтіп тұрған қауіптен аулақ болып, қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатындығын еске салды.

Әлеуметтік-психологиялық қызметі ТЖ меңгерушілерімен бірлесіп  байланыс, қолдау және көмек көрсету  телефон нөмірлерін көрселген "егер сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болғыңыз келмесе"  атты буклетін дайындады.

Просмотров: 384


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст