Текст
Бүгін мектебімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған бірыңғай сынып сағаты өтті.
Оқушылар Ассамблеяның құрылу тарихымен, оның басты міндеттерімен және елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөлімен танысты. Сабақ барысында олар толеранттылық, достық және әртүрлі мәдениеттерге деген құрметтің маңыздылығын талқылап, бірліктің қоғамдағы орнын түсінді.
📌 Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен келісімнің символы, халықтар достығының мызғымас іргетасы. Бұл құндылықтар әрқайсымыздың жүрегімізде мәңгі сақталсын!