Каратэ спортшысы болу үшін қандайда бір қасиет болуы маңызды емес, ең бастысы адамның сол спорт түріне қызығушылығы болу керек Біздің мектептің ұстазы әрі каратэ спортшысы Әліби Дүйсенбайұлының каратэге деген қызығушылығы кішкентай кезінен басталған.Әліби Дүйсенұлы шығыс киноларын қарай отырып, Брюс Ли, Вандам және Мустафа Озтюрк деген шығыс каратистерінің өзінің қарсыластарымен қалай күрескенін жақсы көрген және сол каратистерді үлгі тұтты. Әліби Дүйсенбайұлы олардың техникасы мен ұрыс мәнерін көріп таң қалған. Әліби Дүйсенбайұлы 8-ге толғанда каратэге қатыса бастайды. 8 жасынан бастап қатысып, көп еңбектеніп Әліби Дүйсенбайұлы үлкен жетістіктерге жетеді.Осы жылы біздін мектебіміздің ұстазы әрі каратист Әліби Дүйсенбайұлы 1 орын алып «Азия» чемпионатына жолдама алған.Біздін елміздің туын аспанға көтеріп жүрген, біздін мақтан етер ұстазымыз. Егер адамның бойында сабырлылық, тиянақтылық, адамгершілік және кішіпейілділік деген қасиеттер болса, адам спортшы да, ғалымда бола алады. Әліби Дүйсенбайұлының оқушысы. Әліби Дүйсенбайұлының өзінің артынан және сол кісінің үмін ақтап жүрген оқушысы бар. Төлбасар Раян көптеген жетістіктерге жету үшін көп еңбектенеді. Және ешқашан еріншектік болмаған. Төлбасар Раян небәрі 2 сынып оқушысы болғанымен, Қазақстан Республикасының қола чемпионы атанды.
Дайындаған 7 «Б» сынып оқушысы Шонжарбай Диана.
"Парасат" мектепшілік өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі