Біздің мектепте көпжылдан бері пікірсайысшылар "Парасат" клубы жұмыс жасауда. Пікірсайыс клубының мақсаты заман талабының сұранысына санасы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын және өзінің жеке пікірін айта алатын, сөйлеу мәдениетін жетік меңгерген жастардың жаңа буынын қалыптастыру . Осы мақсаттағы жұмыстарымыздың көрінісі мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан түлектеріміздің жетістіктерінен көрінеді. Серік Зарина, Штарк Кристина, Болғазы Айбын, Кенжебек Аружан, Қуаныш Ботакөз, Жамиева Күлшат, Сейфулла Данияр т.с.с. оқушыларымыз өз уақыттарында тартысты сайыстарға қатысып облыстық пікірсайысқа дейін шығып алдыңғы орындардан көрінді. Енді осы жеткен жетістіктерді әрі жалғастыру үшін биылғы 2020-2021 оқу жылында клуб құрамын жаңа жас буын 5-8 сынып арасынан пікірсайыс ойынына қызығушылығы жоғары оқушылардан толықтырмақпыз.
"Парасат" пікірсайыс клубының жаңа буынына алдағы уақытта қойған мақсатымызға жету үшін командалық бірлікте мектеп намысын қорғап үздік нәтижелер көрсетуге тілектеспіз!