Үздік бейнеролик түсіруден «Сүйкімді үй жануарым» байқауы
Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы мектеп оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерін «Сүйкімді үй жануарым» байқауына қатысуға шақырады.
Байқаудың мақсаты: қоршаған орта мен үй жануарларына мейірімділікпен қарап, оларды қорғау жауапкершілігін қалыптастыру.
Байқаудың ұйымдастырушысы – өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы.
Байқау шарттары:
Әр қатысушы өз сүйікті үй жануарының ерекше, креативті қабілеттерін таныстыра отыра, бейнеролик түсіріп жіберу қажет. Бейнероликтің ұзақтығы – 3 минутқа дейін.
Негізгі бағалау критерийлері: сонылығы мен креативтілігі. Байқаудың қорытындысы 2021 жылдың 22 қаңтарында шығарылады. Үздік бейнероликтер Ақмола облысы білім басқармасының инстаграмында және ютуб-каналында жарияланады.
Байқауға қатысу үшін өтінімдер+бейнероликтер а.ж. 20 қаңтарына дейін (қоса алғанда) өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының oumc_mo18@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша қабылданады. Анықтама телефондары: 8(7162)40- 25-50, 8771-516-52-20 Каиров Биржан Болатович.